646

«NURORDA» лицейінің екі оқушысы халықаралық білім додасында топ жарды

Астаналық оқушылар халықаралық химия олимпиадасында алтын және күміс медаль жеңіп алды.

«NURORDA» лицейінің екі оқушысы халықаралық білім додасында топ жарды
NURORDA

Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары халықаралық химия олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. 11-сынып оқушысы Абдижан Ибраимов алтын медаль иеленсе, 10-сынып оқушысы Гаухар Нұрлан күміс жүлдегер атанды.

Оқушылар Әбу Райхан әл-Бируни атындағы III халықаралық химия олимпиадасында (ARBIChO) бақ сынады. Білім додасы 2026 жылғы 3–10 қараша аралығында Өзбекстанның Нүкіс қаласында өтті.

Биылғы олимпиадаға әлемнің 32 елінен дарынды оқушылар қатысты. Атап айтқанда, жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Коста-Рика, Сауд Арабиясы, Израиль, Моңғолия, Таиланд, Малайзия, Тәжікстан және Катар өкілдері қатысты.

Халықаралық олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың химия пәні бойынша теориялық білімін және практикалық дағдыларын бағалау. Байқау екі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік.

Қатысушылар химиялық есептерді шешіп, ғылыми заңдылықтарды меңгеру деңгейін көрсетті. Сондай-ақ зертханалық тәжірибелер орындау арқылы практикалық қабілеттерін сынады.