Доллар, еуро, рубль: үш қаладағы айырбастау пункттерінің бағамы жарияланды
Айырбастау пункттеріндегі бағамдармен қатар 10 қарашаға белгіленген ресми валюта бағамы да жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның үш ірі қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамы белгілі болды. Көрсеткіштерге сәйкес, валюта бағамы қалаға қарай өзгеріп отыр.
Астана
Елордадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 446,01 теңгеден сатуға болады, ал сатып алу бағасы – 453,01 теңге.
Еуроның сату бағамы – 498,82 теңге, сатып алу бағамы – 508,82 теңге. Ал рубльді 5,13 теңгеден өткізіп, 5,33 теңгеден сатып алуға болады.
Алматы
Алматыда бір долларды орта есеппен 448,94 теңгеден сатуға болады. Айырбастау пункттеріндегі сатып алу бағасы – 450,91 теңге.
Еуроны сату бағамы 500,10 теңге болса, сатып алу құны – 504,89 теңге. Ресей рублін 5,19 теңгеден өткізіп, 5,30 теңгеден сатып алуға болады.
Шымкент
Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды 448,22 теңгеден сатуға болады, ал сатып алу бағасы – 450,98 теңге.
Еуроның сату бағамы орта есеппен 500,91 теңгені, сатып алу бағамы 504,85 теңгені құрайды. Рубльді 5,21 теңгеден өткізіп, 5,27 теңгеден сатып алуға болады.
Ал 10 қарашадағы ресми бағам бойынша 1 доллар – 448,98 теңге, 1 еуро – 502,45 теңге, 1 рубль 5,45 теңге болды.
Материал авторы