«Маған жылулық жетіспеді»: Дариға Бадықова неге ажырасқаны туралы ашық айтты
Бадықова үнемі өзін өзі қорғауға мәжбүр болғанын айтып, ішкі күйін бөлісті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алғашқы күйеуімен ажырасуы туралы ашық айтып, жеке өмірінде қандай сезімдер мен қолдауға зәру болғанын бөлісті. Өнер иесі бұл жайында журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мәлімдеді.
Актрисаның сөзінше, шығармашылықтағы жетістіктері мен көрерменнің ықыласы жеке өмірдегі мейірім мен қамқорлықтың орнын баса алмайды. Ол көпшілікке танымал болғанымен, күнделікті өмірде қиындықтары мен уайымы бар қарапайым адам екенін атап өтті.
«Мен тек шығармашылығыммен ерекшеленемін. Ал өмірде мен де басқалар сияқты қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де барлық мәселені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді. Халықтың махаббаты бір бөлек, жеке өмірдегі махаббат бір бөлек. Бұл – екі түрлі сезім. Мен жылулық, қамқорлық пен қорған іздедім. Өзімді үнемі өзім қорғаудан шаршадым. Бірақ қорғануға тырысқанның өзінде де соққыға жығылуым мүмкін екенін түсіндім», – деді Дариға Бадықова.
Актрисаның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, бақыт тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова бала кезінде тамақ табу үшін көшеде ән айтқан сәттерін еске алып, көзіне жас алған еді.
Материал авторы