«Негізі мен ет жеуші едім»: әнші Бүркіттің ашуын әйелі бір табақ ас беріп басты
Желідегі видео қолданушылардың көңілінен шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иелері Бүркіт пен Айша кезекті отбасылық видеосын жариялады. Бұл жолы ерлі-зайыптылар үйдегі шағын көрініс арқылы ас дайындап ұсынудың өзі көңіл күйді өзгерте алатынын әзілмен көрсетті.
Видеода Бүркіт үйге келіп, репетицияға бармағаны үшін әйеліне ескерту жасай бастайды. Ал Айша күйеуінің мінезін жақсы білетінін аңғартып, асүйден дәмді тағам толтырылған табақпен шығады.
Бүркіт бастапқыда әйеліне ренішін айтуды жалғастырғанымен, алдына ас қойылған соң дауысы біртіндеп жұмсара бастайды.
«Ер адамның жүрегіне жол асқазан арқылы өтеді», – деп жазды әнші видеоға.
Тамағын тауысып, сусынын ішіп болған соң Бүркіттің де көңілі жайланып, әйелін мақтап, «жарайсың» деп, оған деген сүйіспеншілігін білдіреді.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың бұл әзілге құрылған көрінісіне жылы пікірлерін қалдырған. Көпшілік оларға ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт пен амандық тілеген.
Материал авторы