Тұман, қар және екпінді жел: синоптиктер ертеңгі ауа райын болжады
«Қазгидромет» болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 қарашада еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпін алуы мүмкін. Солтүстік аймақтарда күн салқын болса, батыста ауа температурасы +10 градусқа дейін көтеріледі.
Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -5...-7, күндіз -1...+1 градус болады.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Кей уақытта жауын-шашын күшейіп, тұман түсіп, жел екпін алуы мүмкін. Түнде және күндіз ауа температурасы +5...+7 градус шамасында болады.
Шымкентте де күн бұлтты. Кей уақытта жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +5...+7 градус болады.
Өңірлердегі ауа райы болжамы
Ақтөбеде күн бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Түнде -2...-4, күндіз +1...+3 градус.
Ақтауда күн құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+4, күндіз +8...+10 градус.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2, күндіз +5...+7 градус.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -1...-3, күндіз +2...+4 градус.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде -2...-4, күндіз 0...+2 градус.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -5...-7, күндіз -1...+1 градус.
Қонаевта күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Түнде жауын-шашын кей уақытта күшейеді. Тұман түсіп, жел екпін алады. Түнде және күндіз +5...+7 градус.
Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4...-6, күндіз +1...+3 градус.
Қызылордада күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде -1...-3, күндіз +3...+5 градус.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі. Түнде -4...-6, күндіз +1...+3 градус.
Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпін алады. Түнде -4...-6, күндіз 0...+2 градус.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және күндіз +1...+3 градус.
Талдықорғанда күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Ауа температурасы +6...+8 градус болады.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Таңертең және күндіз жел екпін алады. Түнде және күндіз +6...+8 градус.
Түркістанда күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр аралас қар жауады. Тұман түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы +4...+6 градус болады.
Оралда күн бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0...+2, күндіз +4...+6 градус.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және күндіз +2...+4 градус болады.
Материал авторы