Маңғыстауда 21 жастағы жігіт TikTok-тағы сөзі үшін жазаланды
Әлеуметтік желідегі тікелей эфирі жеті тәулікке қамалумен аяқталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының 21 жастағы тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны үшін жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция мәліметінше, Ғадылбек Құлжанов Таушық ауылында TikTok желісінде тікелей эфир жүргізген. Трансляция барысында ол балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп талаптарын бұзған.
Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Істі қараған сот азаматты кінәлі деп танып, оған жеті тәулік әкімшілік қамақ жазасын тағайындаған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші