792

Ақмола облысында мотоциклден құлаған 16 жастағы жасөспірім екі аяғын сындырды

16 жастағы жасөспірім мотоциклден құлағаннан кейін екі аяғынан жарақат алып, Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Ақмола облысында мотоциклден құлаған 16 жастағы жасөспірім екі аяғын сындырды
Sinegor.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында мотоциклден құлаған 16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, күрделі операциядан өтті. Дәрігерлер оның сол жақ жамбас сүйегі мен оң жақ асықты жілігінің жабық сынығын анықтаған. Екі жарақат та сүйек бөліктерінің орнынан жылжуымен асқынған. Бұл туралы Sinegor.kz хабарлады.

Алдымен зардап шеккен жасөспірім Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оны тексеріп, жарақаттанған аяғын бекітіп, алғашқы ем-шараларды жүргізген. Алайда жарақаттың күрделілігіне байланысты науқас Көкшетаудағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Тексеру нәтижесінде жасөспірімнің сол жақ ортан жілік сүйегі мен оң жақ асықты жілігі сынғаны белгілі болды. Сүйек бөліктері орнынан жылжығандықтан, хирургиялық операция жасау қажет болған.

Операция шамамен үш сағатқа созылды. Дәрігерлер сүйек бөліктерін қалыпты орнына келтіріп, арнайы металл пластиналар мен бұрандалардың көмегімен бекітті.

Қазір жасөспірім дәрігерлердің бақылауында. 

Материал авторы