Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыратын жоба дайындады

26.05.2023, 18:48
801
Абай облысының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыратын жоба дайындады gov.kz

Абай облысы Аягөз ауданындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыруды ойлап тауып, шаруа қожалығына ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мақсат - Шопан ата төлін көбейту. Жобаның тиімділігі: замануи жабдықтарды пайдалану, жоғары сапа, аз шығын, қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдету. Жобада қойшының жұмысын жеңілдету үшін жем, шөп науаға автоматтандырылған жүйе арқылы салынып, су мотор арқылы құйылады. 

"Ферманың іші жарық, таза. Қойларды жаю үшін «электроқойшы» құрылғысын ұсынамыз. Құрылғы мобильді, басқа жайылымға апарып орнатуға да болады. 2 га жер сыммен қоршалып, қой сол қорғанның ішінде жайылады»,- дейді 8-сынып оқушысы Бекнұр Айдарбек.

Бекнұр жобаны іске асыру кезеңінде қаражаттың жұмсалуын есептеп, экономикалық тиімділігін де көрсеткен, маркетингтік жоспарын жасаған.

"Жазғы, қысқы демалыс кезінде ауылға барып, атама көмектесемін. Шаруашылықта мал бағу, жем-шөп дайындау секілді жұмыс көп. Менің арманым – шаруашылықты автоматтандыруға қол жеткізу, бұл әкем мен атамның жұмысын жеңілдетер еді", - дейді Бекнұр.
Қазір оқушы «Қой шаруашылығын автоматтандыру» жобасын мамыр айында өтетін фестивальға дайындап жатыр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады