Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды

26.05.2023, 19:19
659
Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды smartnews.kz

Қазақстанда Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды. Ол hr.enbek.kz (бұдан әрі – Портал) еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған, бұл жұмыскерлерге смартфон арқылы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Enbek HR мобильдік қосымшасында жеке кабинетте жұмыскерлер өздерінің еңбек шарттарын көре алады, жұмыс орнынан анықтаманы және жеке ісінен ақпаратты жүктей алады – фото, жеке куәлік, паспорт деректері, білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтер, 075/Е медициналық анықтама, психо/нарко/туб. диспансерлердегі есеп мәліметтері және т. б.

Қосымша арқылы немесе Порталдағы жеке кабинетте жұмыскер жұмысқа орналасу үшін электрондық жеке істі қалыптастыру мақсатында жұмыс берушіге аталған дербес деректерге қол жеткізуге өзінің келісімін растай алады.

Еңбек шарты бойынша маңызды емес мәліметтер анықталған жағдайда, қызметкердің еңбек шартының деректерін өзгертуге, еңбек шартын бұзу туралы ақпарат енгізуге немесе алып тастауға сұрау салу мүмкіндігі бар.

Сұрау салуды қалыптастыру үшін «еңбек шартын» таңдау, «деректерді бұзу, жою немесе өңдеу» әрекетін таңдау, міндетті мәліметтерді көрсету, растайтын құжатты (JPG, JPEG, PNG, PDF форматында) қоса беру және қосымшада SMS-хабарлама арқылы алынған кодпен растау қажет. Жоғарыда көрсетілген рәсімдерден кейін сұрау салу порталдағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне қарауға жіберіледі, жұмыс берушіден үш жұмыс күні ішінде іс-әрекет болмаған жағдайда уәкілетті орган сұрау салуды қарайды және үш жұмыс күні ішінде де шешім қабылдайды.

Қосымшаның қызметтерін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген мобильді нөмірдің болуы жеткілікті. Егер қызметкер бұрын Порталда тіркелген болса, онда мобильді қосымшада қайта тіркеу талап етілмейді – авторизация портал үшін қолданыстағы логин мен парольмен жүзеге асырылады.

Enbek HR қосымшасы мен hr.enbek.kz порталы Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы бар азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе мемлекеттік қызметтер мен жұмыспен қамту шараларын ала алады, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді, Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады.

Enbek HR қосымшасы тегін және PlayMarket және AppStore дүкендерінде қолжетімді.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды