Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатты
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатты. Тиісті жарлық 16 қарашада жарияланды.
Ермек Сағымбаев ҰҚК-ні 2022 жылғы қаңтардан бері басқарған. 2026 жылғы тамызда ол осы лауазымға қайта тағайындалған еді. Ал 13 қарашада Мемлекет басшысы Сағымбаевты қабылдап, комитеттің жыл басынан бергі жұмысы туралы есебін тыңдаған. Кездесуде терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланған.
Сағымбаев 1967 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол Қазақ политехникалық институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған. Соңғы оқу орнында ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласы бойынша магистр дәрежесін алған.
1994–2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел және басшылық қызметтер атқарған. 2006–2019 жылдары Президент күзеті қызметінде жұмыс істеген. 2019–2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі Президент күзеті қызметінің бастығы болған. Ал 2021–2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметін басқарған.
Сағымбаевтың орнына ҰҚК төрағасы болып Марат Ирменов тағайындалғаны туралы да ақпарат тарады. Ол бұған дейін комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Материал авторы