531

Роналдиньо Дубайда қазақ баласының тұсауын кесті

Бүлдіршінге танымал спортшылардың суреті көрсетілгенде, ол Лионель Месси мен Геннадий Головкинді емес, Роналдиньоны таңдаған.

Роналдиньо Дубайда қазақ баласының тұсауын кесті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бразилиялық футбол аңызы Роналдиньо Дубайда қазақ баласының тұсаукесер рәсіміне қатысты. «Алтын доп» иегері бүлдіршіннің аяғындағы тұсауын кесіп, оған өмір жолының сәтті болуын тіледі. Ерекше сәттің видеосын баланың әкесі әлеуметтік желіде жариялаған.

Баланың әкесінің айтуынша, тұсаукесер рәсімін кім өткізетінін ұлының өзі таңдаған. Оған бірнеше танымал спортшының суреті көрсетілген. Олардың арасында Лионель Месси, Майк Тайсон және Геннадий Головкин де болған. Алайда бүлдіршін Роналдиньоның суретін нұсқапты.

Әкесі баласының тілегін орындап, бразилиялық футболшыны арнайы шақырған. Осылайша әлемдік футбол жұлдызы қазақтың дәстүрлі рәсіміне қатысып, бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Қазақ халқында тұсаукесер баланың алғашқы қадамдарына орай жасалады. Рәсім кезінде сәбидің аяғына байланған ала жіп қиылып, оның өмір жолы ашық, қадамы нық әрі болашағы жарқын болсын деген тілек айтылады.

Баланың әкесі әлеуметтік желідегі жазбасында Роналдиньоны футбол тарихындағы орны ерекше тұлға деп атап, оған деген құрметін жеткізген. Сондай-ақ ұлының да атақты футболшы секілді әлемге танылған, жақсы адам болып өсуін тілейтінін жазған.

Айта кетейік, Роналдиньо 2002 жылы Бразилия құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. 2005 жылы «Алтын доп» сыйлығын иеленді. Сондай-ақ «Барселона» сапында Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Материал авторы