Мақпал Жүнісова анасының 90 жас мерейтойын тойлады
Әнші анасының 100 жасқа толған мерейтойын көруді асыға күтетінін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған туған күнін отбасымен бірге атап өтті. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында анасына жүрекжарды тілегін арнап, отбасылық мұрағаттан бірнеше сурет жариялады.
Өнер иесі анасының өміріндегі орны ерекше екенін айтып, оның амандығын ең үлкен байлыққа балаған.
«15 қараша – анамыздың туған күні. Құдайға шүкір, ортамызда аман-есен жүргеніңе! 100 жасыңды асыға күтемін. Алла саған жар болсын, анашым!» – деп жазды әнші.
Мақпал Жүнісованың анасына 90 жас толған. Отбасы мерейтойды жақын туыстарының басын қосып, шағын дастарқан басында атап өткен.
Әншінің жазбасынан кейін оқырмандары да анасына ізгі тілектерін жаудырып, мерейтойымен құттықтады.
Материал авторы