467

Ақтөбеде ер адамды атып өлтірді

Ақтөбе облыстық полиция департаменті ер адамның оққа ұшқанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ақтөбеде ер адамды атып өлтірді
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде ер адам оққа ұшты. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары қолға алынған. Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды расталмаған мәліметтерді таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Материал авторы