549

«Қоңырау шалуға да үлгермейміз»: Арман Давлетяров марқұм анасымен түскен видеоны жариялады

Арман Давлетяров анасының өмірден өтер алдындағы өсиетін жария етті.

«Қоңырау шалуға да үлгермейміз»: Арман Давлетяров марқұм анасымен түскен видеоны жариялады
instagram.com/arman_dav

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 56 жастағы ресейлік медиаменеджер Арман Давлетяров әлеуметтік желіде марқұм анасымен бірге түскен видеоны жариялады. Ол анасының өмірден өтер алдындағы сөздерін еске алып, жақындарға көңіл бөлуді кейінге қалдырмау керегін жазды.

Видеода анасы ұлына бір күні өмірден өтетінін айтып, ол кезде қайғырып, өзін уайымдамауын өтінеді. Сондай-ақ денсаулығына зиян келтіріп алмауын, өз отбасы мен балалары үшін өмір сүруін тілейді. Анасы ұлына ризашылығын білдіріп, перзенттік парызын орындағанын айтады.

Давлетяров анасының осы сөздерінен шексіз мейірім мен қамқорлықты сезінгенін жеткізді. Оның айтуынша, анасы тіпті өзінің өмірден өтуі туралы сөз қозғағанда да, ең алдымен баласының жағдайын ойлаған.

«Біз көбіне бәріне үлгереміз деп ойлаймыз. Барып қайтуға да, телефон шалуға да, құшақтап, жылы сөз айтуға да уақыт табылады дейміз. Бірақ өмір уақыттың ешкімді күтпейтінін бір күні ұғындырады. Ол дайынсың ба, жоқ па деп сұрамайды. Мұндай сәтке алдын ала дайындалу да мүмкін емес», – деп жазды медиаменеджер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор