613

«Баянды қолдадыңдар»: Тұрсынбек Қабатов екінші некесіне қатысты сынға жауап берді

Әзілкеш өзінің тойы өтсе, концерттеріне бойкот жариялауға шақырып, тіпті елден қуу туралы талаптар айтылар еді деп әзілдеді.

«Баянды қолдадыңдар»: Тұрсынбек Қабатов екінші некесіне қатысты сынға жауап берді
instagram.com/t_a_d_d_s_

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шоумен Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленуіне байланысты айтылған сынға сахнадан жауап берді. Өнер иесінің пікірінше, қоғам ер адамның да, әйелдің де қайта отбасын құруына әртүрлі көзқараспен қарайды. Ол бұған мысал ретінде Баян Алагөзованы атап өтті.

Әзілкештің айтуынша, жұртшылық Баянның тұрмысқа шығуын қолдаған. Ал өзі екінші рет үйленіп, той өткізсе, қоғамның реакциясы мүлде басқаша болар еді деп есептейді.

«Баянды қалай қолдадыңыздар! Оның үстіне, той көйлегін киіп шықты! Ал менің әйелім той көйлегін киіп, біз той жасасақ, бітті дей беріңіз. “Арамза! Оның концертіне кім барады? Бойкот жариялау керек! Ешкім бармасын! Оны Қазақстаннан қуу керек!” деп шу шығарар еді», – деді Тұрсынбек Қабатов.

Осылайша, шоумен ерлер мен әйелдердің қайта некеге тұруына қатысты қоғамдағы көзқарас бірдей емес екенін меңзеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор