Алматыда алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесін стимуляциялау операциясы жасалды

27.05.2023, 09:26
Алматыда алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесін стимуляциялау операциясы жасалды smartnews.kz

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет жүректің өткізгіш жүйесіне имплант қойылды. Ынталандырушы электрод жүрек ырғағының физиологиялық деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Бірегей операция бес науқасқа жасалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Дәрігерлердің сөзінше, жүректің өткізгіш жүйесіне ынталандырушы электродтарды имплантациялау пациентке жүрек жеткіліксіздігінің дамуын болдырмауға мүмкіндік береді. Операция кезінде тәуекелдер аз, өйткені жоғары технологиялық жабдық қолданылады. Әр пациент үшін шығын материалдарының үлкен спектрі жеке таңдалады.

«Өткізгіш жүйе бойынша ынталандыру қарыншааралық диссинхрония мәселелерін шешуге, жүректің екі қарыншасын да дәлірек және синхронды түрде белсендіруге көмектеседі. Бұл пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады. Бұл әдіс әдеттегі оң қарыншалық ынталандыруға қарағанда әлдеқайда тиімдірек», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Бірегей операция аритмология саласы бойынша халықаралық деңгейде мойындалған маман Польша медициналық университетінің профессоры Яцек Гаектің қатысуымен өтті. Ел аймақтарынан келген мамандар білікті дәрігердің дәрісін тыңдап, тәжірибесін көбен көрді.

«Мен Қазақстанға операцияға шақырту алғаныма өте ризамын. Бұл – менің екінші сапарым. Бұл әдіс жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін өте тиімді. Араласудан кейін пациент қосымша дәрі-дәрмек терапиясын қажет ететін ілеспе патология болмаған жағдайда келесі күні ауруханадан шығарыла берсе болады», - дейді профессор.

Ынталандырушы электрод импланты 10-12 жыл қызмет етеді. Уақыт келгенде қайта ауыстыруға болады.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының басқарма төрағасы Марат Пашимовтың сөзінше, дәрігерлер жақын және алыс шет елдердегі түрлі шеберлік сабақтарына жиі қатысады.

«Біз жаңа технологияларды енгізу арқылы заманауи медициналық үрдістер мен стандарттарды ұстануға тырысамыз. Мамандарымызды жақын және алыс шетелдердегі түрлі шеберлік сабақтарына жіберіп тұрамыз. Үздік дәрігерлеріміз өз әріптестерін біздің институтта және өңірлерге барып оқытады. Демонстрациялық операцияларын жүргізумен тәжірибе алмасу мамандарға кәсіби қызметте қажетті білімдері мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Айта кетейік, жүректің өткізгіш жүйесіне ынталандырушы электродтарды имплантациялау операциясы міндетті медициналық сақтандыру бойынша науқастарға тегін жасалады.

Қазақстан биыл алғаш рет боччадан Азия Пара ойындарына қатысады iPhone 15 Pro смартфондарынан ақау анықталды ШҚО-да аюды атып, оның етін жемек болған ер адам ұсталды Елімізде ақылы жолдардың тарифі өзгерді Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағым өкілі ұсталды Қазақстан-Қытай шекарасы 4 күнге жабылады Қыран Талапбектің екінші әйелі күйеуіне қандай жағдайда тоқал алуға рұқсат ететінін айтты Мәдениеттілік — адамның рухани өрісі Түркістандық колледж студенті «AUTOCAMP» әмбебап автокөлігін құрастырды Астанада EduTech Master-class заманауи технологиялар мен жобаларды басқару әдістері бойынша оқыту өтті WhatsApp бірқатар құрылғыларда жұмысын тоқтатады Алматыда қарияны ұрған жасөспірімдер қылмыстық жауаптан босатылды Жемқорлардан қайтарылған ақшаға фабрика, зауыт салу ұсынылды "Әкімдіктердің шауып кел дейтін бұйрықтары бітер емес": Депутат жастардың мәселесін көтерді Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты Самат Әбіш билік өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергелуде – Бас прокуратура Енді жеке деректері таралып кеткен қазақстандықтарға SMS-хабарлама жолданады Азиададағы алғашқы алтын медаль: Қазақстанның әйелдер командасы стенд ату жарысында бірінші орынды иеленді Алматы тұрғыны өзін шенеунік ретінде таныстырып, аса ірі көлемде қаржы жымқырған Азиадаға қатысқан спортшылардың алғашқы легі елге келді