477

Тұман, көктайғақ, қар: Қазақстанда 17 қарашаға дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер елдің басым бөлігінде тұман түсетінін, ал бірқатар облыста жауын-шашын мен көктайғақ болатынын болжады.

Тұман, көктайғақ, қар: Қазақстанда 17 қарашаға дауылды ескерту жарияланды
Havvanur Akın / pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, бірқатар аймақта көктайғақ болады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. 

Өңірлер бойынша ауа райына қатысты ескертулер мынадай:

Ақмола облысы: түнде және таңертең солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыста тұман мен көктайғақ күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда да түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Қостанай облысы: күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Павлодар облысы: батыс, шығыс және орталық аудандарда, сондай-ақ Павлодар қаласында тұман күтіледі.

Қарағанды облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Батысы мен оңтүстігінде шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Қарағандыда да тұман түседі.

Ұлытау облысы: солтүстігі мен шығысында шығыс және оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман болады. Күндіз оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы: түнде және таңертең солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысы: түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарда тұман болады. Оңтүстігі, шығысы және таулы аймақтарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге, шығысында кей уақытта 23–28 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы қаласы: түнде және таңертең тұман түседі. Іле Алатауының таулы аймақтарында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде де тұман күтіледі. Кей уақытта оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Қонаев қаласы: кей уақытта оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метр болады.

Жетісу облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен таулы аудандарда тұман түседі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 23–28 метрге, күндіз секундына 30 метрге және одан да жоғары деңгейге жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы: солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарда тұман болады. Оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарда солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15–20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Таразда кей уақытта тұман түседі.

Түркістан облысы: түнде және таңертең батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Күндіз солтүстігінде оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15–20 метр болады. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысы: батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Шығысында түнде желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Оңтүстік-батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында да тұман болады.

Ақтөбе облысы: түнде жаңбыр мен қар жауып, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын болып, жолдарда көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбеде де жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысы: түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Атырау қаласында да осындай жағдай күтіледі.

Маңғыстау облысы: түнде және таңертең солтүстік-шығысы мен орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Орал қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Материал авторы