495

Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильм түсіруі мүмкін

Әзірге Жан-Клод Ван Даммға ұсынылған фильмнің атауы мен түсірілім басталатын уақыт жарияланған жоқ.

Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильм түсіруі мүмкін
RÉGINE MAHAUX / hollywoodreporter.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бельгиялық актер Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда түсірілетін фильмге қатысуы ықтимал. Қазір тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. 

Dala Edge Creative Tech Park басшысы Мақсат Кикимов Мәдениет министрімен кездесуде актердің Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтқан.

«Бізге фильм түсіру үшін Жан-Клод Ван Дамм келуі мүмкін. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді ол.

Әзірге актерге қандай жоба ұсынылғаны және түсірілім жұмыстарының қашан басталатыны белгісіз.

Жан-Клод Ван Дамм әлемге «Қанды спорт», «Кикбоксшы», «Әмбебап сарбаз» және «Қос соққы» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танылған.

Материал авторы