379

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы жарияланды.

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Syda Productions / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге арзандап, 443,96 теңгені құрады. Ал Ұлттық банктің 17 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 444,40 теңге. 

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 441 теңгеден сатуға, ал 448 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы – 487,04 теңге, сатып алу бағамы – 498,33 теңге. Ресей рублін 5,10 теңгеден өткізіп, 5,30 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда долларды орта есеппен 444,23 теңгеден сатса, 445,89 теңгеден сатып алады. Еуроның сату бағамы 488,84 теңге болса, сатып алу құны 493,33 теңгеге жеткен. Ресей рублінің бағамы сату кезінде 5,13 теңге, сатып алу кезінде 5,24 теңге болды.

Шымкентте долларды 443,98 теңгеден сатуға, 446,5 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы – 488,70 теңге, сатып алу бағамы – 493,52 теңге. Ал Ресей рублі 5,16 теңгеден қабылданып, 5,23 теңгеден сатылып жатыр.

Материал авторы