«Тағы не істеуім керек?»: Нұрлан Еспанов құрметті атақ ала алмағанына ренжіді
Нұрлан Еспанов өзінен 30 жас кіші әріптестерінің атақ алғанын сөз етті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын әлі күнге дейін ала алмағанына көңілі толмайтынын айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұл марапатты өзінен 30 жас кіші әріптестері алып жатыр.
53 жастағы әнші осы уақытқа дейін 200-ден астам ән жазғанын атап өтті. Оның айтуынша, «Әліппе кішкентай қайық», «Қос қарлығаш» секілді туындылары бастауыш сынып сабақтарында қолданылады. Сондай-ақ ол «Қошқар мен теке» мультфильміндегі барлық әннің авторы екенін жеткізді.
«Мен әлі күнге дейін еңбек сіңірген қайраткер атағын алған жоқпын. Оны алу үшін тағы не істеуім керек деп ойлаймын. Ал жігіттер маған: “Оны алу үшін өлуің керек” дейді. Менің 200-ден астам әнім бар, ал бұл атақты менен 30 жас кіші адамдар алып жатыр», – деді Нұрлан Еспанов.
Әншінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Бірі оның балалар музыкасына қосқан үлесін атап, қолдау білдірсе, енді бірі құрметті атаққа соншалықты мән бергені үшін сынға алды.
Материал авторы