Ақтөбелік 8 жастағы жыршы домбырамен ән айтып, жұртты тәнті етті
Домбырамен ән салған кішкентай жыршының видеосы жарты миллион қаралым жинады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде домбыраның сүйемелдеуімен халық әнін орындаған ақтөбелік сегіз жастағы қыздың видеосы кеңінен тарады. Жас өнерпаздың өнерін тамашалаған желі қолданушылары оның дауысын жоғары бағалап, үлкен сахналарда өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.
Жарияланған видео жарты миллионнан астам қаралым жинап, алты мыңнан аса пікір қалдырылған.
Ролик авторының айтуынша, жас жыршы байқауға қатысу үшін Ақтөбеден Астанаға келген.
Желі қолданушылары қыздың орындаушылық шеберлігіне тәнті болып, оның болашағынан зор үміт күтетіндерін жазған. Көпшілік жас таланттың үлкен сахналарда өнер көрсетіп, дарынын шыңдай беруіне тілек білдірді.
Материал авторы