Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты

27.05.2023, 12:24
586
Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты facebook.com/sundet.manapbek

Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданындағы қоқыс полигонының өртеніп жатқаны жайында видео тарады. Соның салдарынан жақын маңдағы ауылдардың ішін көк түтін басып, өңірге жағымсыз иіс тарап кеткен. Әлеуметтік желі арқылы наразылықтарын жеткізген тұрғындар «өртеніп жатқан қоқыстарды өшіруге тырысып жатқан адам жоқ» деп жазды.

«Міне, бүгін 3-ші күн болды қоқыстың түтініне уланып жатырмыз. Ауылдың іші көк түтін» - дейді видео авторы Сүндет Манапбек.

Аталған жағдайға байланысты пікір білдірген Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өрттің 25 мамыр күні сөндірілгендігін жеткізді.

«Жалпы 25-мамыр күні сағат 11:35 шамасында Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан қоқыс полигонында өрт шыққаны туралы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабар түскен. 2 өрт сөндіру көлігі, 4 техника және 15 шақты жеке құрам өрт сөндіруге жұмылдырылып, кешкі 21:00 шамасында өшірілді. Негізі ауа-райының қолайсыздығынан (желді болуынан) өрт кең таралып, үлкен қиындықтар туғызды» - делінген аудан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Өңір тұрғындарының айтуынша бүгінде өрт сөндірілгенмен, түтіні әлі толық басылмаған. Соның салдарынан мақтааралдықтар қоқыс түтіннен құтыла алмай отырғаны жайы бар.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды