Абай облысында интернет сапасын жақсартатын Жол картасына қол қойылды

27.05.2023, 14:26
850
Абай облысында интернет сапасын жақсартатын Жол картасына қол қойылды t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Абай облысына сапары аясында өңірдің елді мекендерінің интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Қол қою рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Осы Жол картасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94 пайызын интернетке сапалы кең көлемді қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Интернетпен қамтамасыз ету, әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе. Өңірде 331 елді мекен мен 4 қала бар. Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65% немесе 215 елді мекенде интернет тұрғындарға қолжетімді. 28% немесе 93 ауылда желі жоқ.

«Осы Жол картасы арқылы интернет мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Жергілікті әкімдіктің қаржысына 25 антенна діңгекті құрылғы орнатылады. Тек қана құрылғы қойылмайды, электр энергиясы, қажетті коммуникация тартылады» деді Бағдат Мусин.

photo

 

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімдігі өңірдің елді мекендерін интернетпен және байланыспен толық қамтамасыз ету немесе қосылу сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін жұмысты бастады. Тиісті министрлікке «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде ұялы желі сигналын және интернет сапасын жақсарту үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу қажет ауылдардың тізімі жіберілді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді