Әли Бектаев: Астық көлемін 1 жылға дейінгі мерзімге сақтау үшін қажетті қаржы бөлдіру қажет

27.05.2023, 17:35
1041
Әли Бектаев: Астық көлемін 1 жылға дейінгі мерзімге сақтау үшін қажетті қаржы бөлдіру қажет Ауыл партиясы

Сенат депутаты, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев заңды, заңсыз өтіп жатқан көршілердің астығы біздегі бидай бағасына кері әсер етуде дейді.

2022 жылғы қолайлы ауа-райы жағдайлары астықтан жақсы өнім алуға мүмкіндік берді. Бидайдың жалпы өнімі 16 миллион тоннадан асты. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осыған қарамастан, өткен жылдың күзінен бастап астық нарығының проблемалары көбеймесе, азаймапты. Себебі көршілес Ресей мемлекетінде бұрын-соңды болмаған 104 млн тоннадан астам астық жиналған екен. Бұл өз кезегінде Қазақстан нарығына үлкен салмақ түсірген.

«2022 жылдың ақпаны мен шілде айының аралығында, Ресейде экспорттық квота қолданылған кезеңде, қазақстандық нарықтағы баға астықтың тоннасына 150-155 мың теңгеге дейін жетті. Ал ағымдағы жылдың сәуір айында 95-97 мың теңгеге дейін күрт төмендеді. Астықтық сатылмауына байланысты қоймаларда шамамен 3,8 млн тонна өтпелі қалдық қалып отыр. Ол жылдағыдан 2,5 есе көп. Бағаның мұншалықты құлдырауына ресейлік астықты жаппай әкелу және еліміздегі көліктік-логистика проблемалар өзіндік әсерін тигізді», - деді Әли Бектаев.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ресей бидайын автомобиль көлігімен әкелуді шектеу арқылы қабылдаған шаралары бағаның одан әрі төмендеуін аз да болса тежеуге мүмкіндік бергенімен, нарыққа оң серпін әкелмепті.

«Ұн тарту және құс шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері ішкі нарыққа импорттық бидайды кіргізуді шектеуге өз наразылықтарын білдіріп келеді. Олар үшін астық негізгі шикізат болғандықтан, нарықта арзан астық барда аталмыш салалардағы экономикалық тиімділік артады деп есептейді. Осы жағдайдың өзі де астық нарығындағы тұрақты саясаттық жоқтығын байқатады. Өкінішке орай, бізде ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жолға қойылмай-ақ келеді. Қазақстанның астық өңдеушілері мен наубайшылары диірмен бизнесі тиімсіз болып, жыл басынан бері өз бизнестерін Ресейге көшіріп немесе сатып жатқанын мәлімдеуде. Соңғы жылдары ұн бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті 2010 жылмен салыстырғанда 31%-ға төмендеген. Ал, кезінде ұн импорттаушы болған, Өзбекстан 2022 жылы 949 мың тонна ұн экспорттап, Орта Азия мен Ауғанстан нарығындағы басты бәсекелеске айналды», - деді депутат.

Жалпы, Ресейде соңғы бес жылда егіс алқаптарының көлемі орта есептен 15-18%-ға және бидай өнімділігі 20-30%-ға өскен. Бұл көрсеткіштер көрші мемлекетке жыл сайын 75-85 млн тоннаға дейін жоғары өнім алуға кепілдік береді. 

«Бүгінгі таңда Ресейдің астықты шикізат ретінде ғана емес ұн өнімдері ретінде де экспорттауға әлеуеті жоғары. Ал Қазақстандағы астық көлемі де, өнімділігі де жылдан жылға төмендеп келеді. Көп шаруашылықтар ескі агротехнологияны пайдаланады. Жердің құнары төмендеген. Осындай жағдай алдағы жылдарда да жалғасатын түрі бар. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Үкімет тарапынан ғалымдар мен мамандардың, сарапшылардың қатысуымен мемлекеттік жұмыс тобын құру арқылы Қазақстанның астық өндірісінің проблемаларын терең зерделеу керек деп есептеймін. Соның нәтижесінде АӨК-нің басқа да мүдделі салалары интеграцияланған астық өндірісін тұрақтандыру бағдарламасы үлгісінде жүйелі шаралардың әзірленуі тиіс», - дейді «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады