Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды

27.05.2023, 18:27
926
Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды gov.kz

Қазақстанның Италиядағы Елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» атты қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оған итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және т.б. 100-дем аса адам қатысты.

Таныстырылымның мақсаты – итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, себебі ол кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы болып табылатын бірегей тарихты, дәстүрді және ұлттық мұраны бейнелейді.

Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев еуропалықтардың Азиямен танысуы итальяндық атақты саяхатшы Марко Полоның Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігі өткен қазіргі Орталық Азия аумағын мекендеген халықтардың салт-дәстүрлері мен өмір салтының ерекшеліктерін суреттеген шығармаларынан бастау алғанын атап өтті.

photo

 

«Біз ата-бабаларымыздың далалық жан дүниесінің өзіндік ерекшелігі мен сұлулығы туралы қазақстандық дарынды киім және зергерлік бұйымдар дизайнерлерінің топтамаларындағы жарқын бейнелер арқылы жеткізгіміз келеді», – деді Е. Сембаев.

Таныстырылымды бас директоры Самал Төлеңгітова «Tekemet-Syrmak» компаниясының киізден жасалған бұйымдар топтамасы ашты. Көрермендерге киізді жібекке басып, жібек матаға ерекше өрнектер жасауға мүмкіндік беретін, заманауи технологиямен үйлестірілген дәстүрлі қолөнер арқылы жасалған шапандар мен шарфтар көрсетілді.

Одан әрі қазақстандық сәнгерлер көпшілік назарына Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі суретші-зергер Нұрдос Әлиасқаровтың әшекей бұйымдарын ұсынды. Ұлттық нақышта жасалған сырға, білезік сынды әйелдердің түрлі әшекейлері көрсетілді.

Сонымен бірге сәнгерлер заманауи дизайнда әмбебап киім үлгісі болып табылатын этно-дизайнер Тәрбия Айдымбаеваның әйелдер мен ерлер шапандарының топтамасын көрсетті. Таныстырылым қалыңдықтың дәстүрлі той киімін көрсетумен аяқталды.

Қонақтар сондай-ақ кілем және басқа да киізден жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр