"Той жасауға ата-анаңыздың шамасы келмесе, қашып кетіңіз": Жазира Байырбекова қыздарға өз кеңесін берді

27.05.2023, 20:25
693
"Той жасауға ата-анаңыздың шамасы келмесе, қашып кетіңіз": Жазира Байырбекова қыздарға өз кеңесін берді instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық ток-шоуда қыз ұзатудан рекордсмен әнші Жазира Байырбекова қиналып той жасайтындарға қарсы екенін айтты. Бұл туралы әнші Жетінші арнадағы "Қыздар-ай" ток-шоуында пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бағдарламада әнші Жазира Байырбекова ата-анасын қинап, той жасайтындарға қарсы екенін атап өтті. "Кей қыздарға айтып кетейінші, егер сіздердің ата-анаңыз айлыққа күн көріп отырған немесе сатушы болса, соңғы ақшаларын жұмсап, әнші шақырамын десе, келіспеңіздер. Сіздер жәй ғана әншінің әнін қойып-ақ ұзатылсаңыз болады. Тіпті, ата-анаңыздың той жасауға шамасы келмесе, қашып кетсеңіз болады", - дейді әнші.

Сондай-ақ әнші қарапайым той иелерінің тойына барса, олардан ақша алуға да қымсынатынын жасырмады.

"Мейрамхана сыртында қарапайым көліктер тұрса, қарапайым кісілерден қалай ақша аламын? Көмекшіме ақшасының жартысын тастап кетші дейтін кездерім болады", - дейді ол.

Ток-шоуда Жазира Байырбекова қыз ұзатудың қиын екенін, тұсаукесер, бесік тойда өнер көрсету одан жеңілірек екенін тілге тиек етті. Алайда ол күнтізбесі әлі де қыз ұзатуға толып тұрғанын айтты.

"Менің ұзатуым болған жоқ. Мен жаңа "қашып кетіңіз" деп айттым гой. Сол өзімнің тәжірибемнен. Бұрын ұзату той деген болмайтын, қызды үйден ұзататын. "Елу жылда - ел жаңа" деп бәрі өзгеріп жатыр ғой. Әнші ұзату деген біздің салт-дәстүріміз емес. Бұл - жай ғана әдемілікті қалағаннан туған ой", - дейді Жазира Байырбекова.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды