929

Макарон фабрикасында қамыр араластырғышқа түскен жұмысшы қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы департаменті трагедияға қатысты тексеруді аяқтады.

Макарон фабрикасында қамыр араластырғышқа түскен жұмысшы қайтыс болды
КТК

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавловскідегі макарон фабрикасында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталып, жұмыс берушінің кінәлі екені анықталды. Бұл туралы КТК басылымы жазды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға осыдан бір жарым ай бұрын болып, 35 жастағы прессовщик қаза тапқан еді.

Арнайы комиссия бұл трагедияға кәсіпорын басшылығының жауапты екенін жеткізді.

Ведомство бөлімінің басшысы Азат Бейсембіннің айтуынша, басты себеп қауіпсіз еңбек әдістерін үйретудегі олқылықтарға байланысты болып отыр.

Атап айтқанда, жұмыс беруші тестоместі тазалау және қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша ереже әзірлемегені белгілі болды.

Тексеру барысында құрал-жабдықпен жұмыс істеу тәртібі де өрескел бұзылғаны анықталды.

Материал авторы