454

Әнші Тамара Асар көпшілікке болашақ келінін көрсетті

Әншінің ұлы Қамбар сүйіктісіне ұсыныс жасап, болашақ жарына жүзік таққан.

Әнші Тамара Асар көпшілікке болашақ келінін көрсетті
instagram.com/tamara_assar_official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Тамара Асар отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Оның ұлы Қамбар сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, болашақ келініне жүзік сыйлаған. 

Өнер иесі жас жұптың бірге түскен суретін Instagram парақшасына жариялап, оларға ақ тілегін арнады. Кадрдан Қамбар мен оның сүйіктісін көруге болады. Бойжеткеннің қолындағы гүл шоғы мен саусағындағы жүзік те көзге түседі.

«Алла бұйыртса. Оң болсын, жарықтарым!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да Тамара Асардың қуанышына ортақтасып, жас жұпты құттықтады. Оқырмандардың бірі әншінің келіні құтты болсын айтып, Қамбар мен оның таңдаған жарына бақыт тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор