834

Министрлік азаматтарға пәтер аралап жүрген белгісіз адамдар туралы ескертті

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп жүрген белгісіз тұлғалар туралы мәлімет тарады.

Министрлік азаматтарға пәтер аралап жүрген белгісіз адамдар туралы ескертті
ІІМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Таратылған хабарламаларда белгісіз адамдар полиция қызметкерлері болып көрініп, азаматтардың пәтерін аралап жатқаны және құжаттар мен биометриялық деректерді жинайтыны айтылған.

Ведомство бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және азаматтарға таралып жатқан ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Министрлік жариялаған скриншотта «Поквартирная карточка» атты қағаз бланк көрсетілген, онда тұрғындардың мәліметтері, ЖСН, телефон нөмірлері, көліктері және қарудың бар-жоғы туралы жолақтар бар екені көрінеді, ал мәтін «Управадан ескерту келді» деген сөздермен басталады.

Материал авторы