777

Алматыдағы өрт: бес адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Өрт сөндірушілер төрт минутта жеткенімен, үй толықтай жанып кеткен.

Алматыдағы өрт: бес адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
threads.com/@whoiszhanell

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түнгі сағат 03:44-те келіп түскен. Rams City тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы орналасқан үйге өрт сөндірушілер төрт минут ішінде жеткенімен, ол уақытта баспананы жалын толықтай шарпып үлгерген.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 35-ке жуық маман мен тоғыз техника жұмылдырылды. Өрт толығымен сағат 04:42-де сөндірілді.

Материал авторы