787

Екібастұз электр станциясында 42 жастағы ер адамды тоқ соғып қаза тапты

Марқұм электр станциясының штаттық қызметкері емес, мердігер ұйымның жұмысшысы болған.

Екібастұз электр станциясында 42 жастағы ер адамды тоқ соғып қаза тапты
gres1.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұздағы МАЭС-1 аумағында мердігер ұйымның қызметкері электр тогына түсіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 қарашада болған. Қазір еңбек инспекциясы өліммен аяқталған жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы тергеп жатыр. Бұл туралы Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті жазды.

Ведомствоның мәліметінше, 42 жастағы ер адамды электр тогы соққан. Оқиға «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС аумағында болғанымен, марқұм электр станциясының штаттық қызметкері болмаған.

Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті қайғылы оқиғаға қатысты арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Марқұм мердігер ұйымның жұмысшысы болған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор