647

Геннадий Головкин Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа орден тақты

Михаил Шайдоров Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ең жоғары орденін алды.

Геннадий Головкин Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа орден тақты
ҰОК

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров спорттағы ерекше жетістіктері мен елдегі олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің орденімен марапатталды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті жазды.

Марапаттау рәсімі 25 қарашада Астанада өткен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылды. Орденді комитет президенті Геннадий Головкин табыстады.

Ұйымның ең жоғары марапаты Шайдоровқа 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісінен кейін берілді. Ол мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада алтынын жеңіп алған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Бас ассамблея отырысында Геннадий Головкин отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан басқа да сала өкілдерінің еңбегін атап өтті.

Жиынға қатысушылар Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарған жұмысының қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды талқылады. 

Материал авторы