1525

Жерар Депардье актрисаны зорлады деген айыппен сот алдында жауап бермек

Актер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жерар Депардье актрисаны зорлады деген айыппен сот алдында жауап бермек
DIMITAR DILKOFF/AFP via Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж апелляциялық соты танымал актер Жерар Депардьеге қатысты зорлау айыбы бойынша істі сот қарауына жіберу туралы шешімді бекітті. Оқиға 2018 жылы актриса Шарлотта Арнуға қатысты болған деп болжануда.

Жәбірленуші тараптың шағымына сәйкес, оқиға 2018 жылдың тамыз айында Париждегі актердің үйінде орын алған. Сот 7 тамыздағы эпизод бойынша істі қарауға рұқсат беріп, 13 тамыздағы екінші эпизод бойынша айыпты алып тастады.

Актрисаның адвокаты Карин Дюрье-Дьеболь өз қорғалушысының бұл шешімді ұзақ күткенін және сот процесіне дайын екенін мәлімдеді. 77 жастағы актердің қорғаушылары Кассациялық сотқа шағымдану мүмкіндігін әзірге жариялаған жоқ.

Егер сот Жерар Депардьені кінәлі деп тапса, оған 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Актердің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Айта кетейік, қараша айында Депардье сексуалдық сипаттағы қудалауға қатысты бөлек іс бойынша апелляциядан бас тартып, кінәсін мойындаған болатын. Сондай-ақ, 2025 жылдың мамырында Париж соты оны 2021 жылғы түсірілім кезінде екі әйелге сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін шартты түрде жазалаған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор