1278

Азамат Сатыбалды өзге жанға көңілі ауған сәттері болғанын мойындады

Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық сенім туралы ашық айтты.

Азамат Сатыбалды өзге жанға көңілі ауған сәттері болғанын мойындады
instagram.com/azamatc

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Азамат Сатыбалды өнер жолында жұбайынан бөлек өзге жанға көңілі ауған сәттері болғанын ашық мойындады.

Өнер иесі бұл жағдайды шығармашылық шабытпен байланыстырып, мұндай сезімдерді жеке өмірге емес, рөлді сомдауға бағыттайтынын жеткізді. Оның айтуынша, ер азамат болған соң мұндай ойлардың туындауы заңды, бірақ оны харам іске ұластырмау маңызды.

Актердің жұбайы, актриса Назгүл Қарабалина да өнер ортасындағы мұндай жағдайларға түсіністікпен қарайтынын білдірді. Ол сахнадағы шынайылық үшін кейіпкердің сезімін бастан кешіру қажеттігін, бірақ оны жеке өмірмен шатастыруға болмайтынын атап өтті.

Назгүл Қарабалина өнер адамдарының жұмысына күдікпен қарау шығармашылық еркіндікке кедергі келтіретінін айтты. Азамат Сатыбалды өз кезегінде жұбайының мұндай мәселелерді қызғанышқа салмай, әзілмен қабылдайтынын жеткізді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор