Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жұбайы шындықты жайып салды
Әншінің бірнеше әйел алғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланған еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жұбайы Айжан Қырықбай олардың ажырасқанын ресми түрде мәлімдеді. Ол желідегі түрлі қауесеттерге нүкте қойып, көпшіліктен өзін әншімен байланыстырмауды сұрады.
Айжан Қырықбайдың айтуынша, ажырасу туралы шешімді өзі қабылдаған және бұл қадамға өкінбейді. Ол сондай-ақ бұрынғы күйеуінің «төрт баласымен тастап кетті» деген сөздердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Әлеуметтік желідегі негізсіз әңгімелерден шаршағанын жасырмаған Айжан, бұған дейін жеке өмірін көпшілік талқысына салғысы келмегендіктен үнсіз жүргенін түсіндірді. Ол енді бұл тақырыптың жабылуын қалайды.
Айта кетейік, биыл ақпан айында Рүстем Жүгінісовтің бірнеше әйел алғаны туралы ақпарат тарап, қоғамда қызу талқыланған болатын. Сол кезде өнер иесі жеке өміріне қатысты сын айтқандарға өз шешімі екенін жеткізіп, жауап берген еді.
Материал авторы