120

Наркенже Серікбаева Астанадан баспаналы болды

Белгілі әнші көптен күткен баспанасына ие болып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.

Наркенже Серікбаева Астанадан баспаналы болды
instagram.com/narkenjeserikbaeva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Наркенже Серікбаева Астана қаласынан жаңа баспаналы болып, қоныс тойын атап өтті. Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы көпшілікпен бөлісті.

Әнші қол жеткізген әрбір жетістігін марқұм анасының дұғасы мен халқының тілеуінің нәтижесі деп бағалайды. Ол өзіне құттықтау жолдаған барша оқырманға алғысын білдіріп, осындай қуанышты сәттердің әр шаңыраққа бұйыруын тіледі.

Қоныс тойға әншінің Шымкент қаласынан арнайы келген жақын туыстары мен достары қатысты. Өнер иесі өміріндегі бұрынғы армандарының бүгінде орындалып жатқанына шүкіршілік етті.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаева бұған дейін Lexus LX 600 маркалы су жаңа көлік сатып алғанымен де көпшіліктің назарына ілінген болатын. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор