178

«Үйде киетін киім»: Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың образына баға берді

Мақпал Жүнісова әріптесінің сахналық образын ұнатпай қалды.

«Үйде киетін киім»: Мақпал Жүнісова Айдана Меденованың образына баға берді
instagram.com/aidanamedenova_officialpage

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Айдана Меденованың сахналық киіміне қатысты өз пікірін білдірді.

Өнер иесі әріптесінің көпшілік алдына шыққан денеге жабысып тұратын киімін сынға алды. Ол өз парақшасында мұндай лосиналарды тек үй жинаған кезде ғана киетінін жазып, таңданысын жасырмады.

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың бұл пікірін қызу талқылап, мыңдаған лайк басты. Әншінің сөзі әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова ақын Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңіне жаңа ән жазғанын хабарлаған болатын. Ол бұл туындының өмірде қиын кезеңді бастан кешіп жатқан жандарға демеу болатынын жеткізді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор