«Неге сендерде свет бар?!»: әкімдіктен жарық сұраған әйел елді күлдірді
Жарықтың жоқтығына наразы әйел әкімдікке баласымен келді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана тұрғыны кішкентай баласын құшақтап, әкімдікке электр қуатының сөніп қалуына байланысты шағымдануға барды. Әйел адам мекеме ішіндегі жарықты көріп, өз үйіндегі жағдайға қатысты наразылығын эмоционалды түрде білдірді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғынның әкімдік қызметкерімен сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Ол ғимаратта жарықтың неге бар екенін сұрап, өз үйінде электр энергиясының жоқтығын және баласының жылап жатқанын айтып ашуланды.
Қызметкер әйелден электр қуаты сөнген мекенжайды анықтауға тырысты. Жауап ретінде тұрғын Сарайшық ауданы мен Промышленный тұрғын алабын атады.
Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік әйелдің эмоционалды мінез-құлқына қатысты әртүрлі пікір білдіріп, оның шынайылығын атап өтті.
Материал авторы