1211

«Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшелерінің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға уәде берді.

«Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшелерінің ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
kazatomprom.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының Директорлар кеңесі басқарма мүшелерін қызметтен босату және Қуаныш Омарбековтің ұсталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Компания басшылығы орын алған жағдай акционерлер мен серіктестер арасында алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін мойындады. Директорлар кеңесі корпоративтік бақылауды күшейтуге және ішкі процедуралардағы кемшіліктерді жоюға уәде беріп отыр.

«Қазатомөнеркәсіп» өкілдері құзырлы органдармен толық ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Тергеу аяқталғанға дейін кінәсіздік презумпциясы қағидатын сақтай отырып, жеке жауапкершілік туралы алдын ала қорытынды жасаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Компанияның ағымдағы өндірістік және қаржылық қызметіне қатысты алаңдауға негіз жоқ. 2026 жылға арналған өндірістік жоспарлар мен даму стратегиясы өзгеріссіз қалады.

Еске сала кетейік, 25 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қуаныш Омарбековті ұстаған болатын. Ол «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығына қатысты жемқорлық схемасы бойынша күдікке ілінді.

Сонымен қатар, 24 қарашадағы шешіммен Владислав Байгужин мен Қуаныш Омарбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал 26 қарашада компанияның бас сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі директоры Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті.

Материал авторы