1407

Перудегі отбасы ұлдарына Димаш Құдайбергеннің есімін берген

Лима әуежайына жиналған жүздеген жанкүйер әншіні арнайы плакаттармен қарсы алды.

Перудегі отбасы ұлдарына Димаш Құдайбергеннің есімін берген
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Перу еліндегі отбасы өздерінің жаңа туған сәбиіне қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің есімін берді. Кішкентай жанкүйер анасымен бірге өнер иесін қарсы алу үшін Лима қаласының әуежайына арнайы келген.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада балақайдың қолына Димашқа арналған плакат ұстап тұрғанын көруге болады. Бұл көрініс желі қолданушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Әншінің жанкүйері Шолпан Табаеваның айтуынша, Лима әуежайына өнерпазды күтіп алу үшін жүздеген адам жиналған. Олардың арасында өз қолдарымен дайындаған плакаттары бар жанкүйерлер мен арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандар да болған.

Димаш Құдайбергеннің Перу астанасы Лимадағы концерті 1 желтоқсанға жоспарланған. Бұған дейін әнші Мексика, Колумбия және Чили елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық деңгейдегі мәдени байланысты нығайтуға үлес қосып келеді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор