384

Ақтөбеде баласы бар видеоға былапыт сөз қосқан ана айыппұл арқалады

Әйел екі жасар баласының видеосына былапыт сөздер қосып, Instagram желісіне жүктеген.

Ақтөбеде баласы бар видеоға былапыт сөз қосқан ана айыппұл арқалады
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде әлеуметтік желіде екі жасар баласы түскен видеоға былапыт сөздер қосып жариялаған ана жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында аталған бейнежазбаны анықтаған. Тексеріс нәтижесінде видеоны баланың анасы өз парақшасына жүктегені белгілі болды. Ол жазбаша түсініктемесінде бұл әрекетін растады.

Құқық бұзушылық фактісі бойынша әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Полиция өкілдері ата-аналарға балалардың қатысуымен жарияланатын контентке жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Олар ересектерді желідегі қаралым мен реакция қуудан бұрын, жарияланған материалдың баланың болашағына тигізер әсерін ойлауға шақырды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор