1397

Дуров ескерту жасады: Хакерлер iPhone-ды сілтеме арқылы бұзып жатыр

Павел Дуров ескірген операциялық жүйесі бар смартфондардың бұзылу қаупі жоғары екенін мәлімдеді.

Дуров ескерту жасады: Хакерлер iPhone-ды сілтеме арқылы бұзып жатыр
Hubert Boesl / picture alliance / dpa / ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров iPhone қолданушыларын жаппай хакерлік шабуылдарға қатысты ескертті. Кәсіпкер ескірген операциялық жүйесі бар смартфондардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

Дуровтың айтуынша, шабуылдаушылар құрылғыны бұзу үшін пайдаланушыдан бөтен файлдарды жүктеп алуды талап етпейді. Қаскөйлерге құрбанның жай ғана браузер арқылы белгілі бір веб-сайтқа кіруі жеткілікті болып отыр.

Осыған байланысты Telegram ресми сервистік аккаунты арқылы ескі iOS нұсқасын қолданатын iPhone иелеріне жеке хабарламалар жолдай бастады. Онда жүйедегі осал тұстар жеке ақпарат пен аккаунттардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіні айтылған.

Құрылғыны қорғау үшін мамандар смартфон баптауларындағы «Негізгі» бөліміне кіріп, «Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» арқылы iOS-тың ең соңғы нұсқасын орнатуға кеңес береді.

Материал авторы