Дариға Бадықова күйеуінің биіне тәнті болды
Желі қолданушылары Олжас Абайдың харизмасын жоғары бағалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Олжас Абайдың биі әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Өнер иесі «Соңыра» фильміндегі әріптестерімен бірге танымал трендке сай видео түсіріп, көпшіліктің назарын аударды.
Видеода актер мен оның әріптестерінің би қимылдары көрсетілген. Жазбаны көрген Дариға Бадықова өз жолдасының өнеріне тәнті болып, пікір қалдырды. Актриса «Соңыра» фильміндегі актерлердің өнеріне жоғары баға беріп, әсіресе күйеуінің билеу мәнеріне ерекше тоқталды.
Желі қолданушылары да Дариға Бадықованың пікірін қолдап, актердің пластикасы мен харизмасын атап өтті. Олар Олжас Абайдың билеу кезіндегі еркіндігі мен тартымдылығына сүйсінгендерін жазды.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова жеке өмірі туралы сөз қозғап, алғашқы жолдасымен ажырасқаны жайлы айтқан болатын.
Материал авторы