Түпқарағанда шенеуніктердің кесірінен аналар сыйақысыз қалды
Прокуратураның араласуынан кейін барлық он анаға мемлекеттік наградалар табысталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында он көпбалалы ана мемлекеттік наградаларын алуда бюрократиялық кедергілерге тап болды. Жергілікті әкімдік қызметкерлерінің салғырттығынан аналар «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерін уақытында ала алмаған.
Прокуратура органдары жүргізген тексеріс барысында шенеуніктердің құжаттарды ресімдеу және жолдау мерзімін негізсіз созғаны анықталды. Осының салдарынан көпбалалы аналар заңда қарастырылған әлеуметтік қолдау шараларын да дер кезінде пайдалана алмаған.
Қадағалау органының араласуынан кейін он ананың құқығы толық қалпына келтірілді. Қазіргі таңда әйелдерге мемлекеттік наградалар табысталды.
Тәртіптік шаралар аясында құжаттарды рәсімдеуді кешіктірген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Әкімдікте тиісті жұмыстар жүргізіліп, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.
Материал авторы