Түркі халықтары бір-біріне ұқсас әліпбилер қабылдау бастамасын көтерді

29.05.2023, 15:33
810
Түркі халықтары бір-біріне ұқсас әліпбилер қабылдау бастамасын көтерді Түркі академиясының баспасөз қызметі

Астанада Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтіп жатыр. Комиссияның міндеті - латын әліпбиіне көшу кезінде ұсыныстар пакетін әзірлеу, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жаңа әліпбиге көшу әрқашан мемлекеттің ішкі ісі саналады. Әрбір мемлекет бұл мәселені өзі шешеді. Біздің міндетіміз – ұсыныстар пакетін әзірлеу. Егер түркі мемлекеттерінің кез-келгені осындай шешім қабылдаса, онда бұл ұсыныстарды әліпбидің ең оңтайлы, ұтымды нұсқасын таңдау үшін пайдалануға болады. Әрине, әр мемлекет қандай алфавитті және қандай формада қабылдау керектігін өз бетінше шешеді. Бірақ егер барлық мемлекеттер латын әліпбиіне көшетін болса, онда әліпбилердің барынша бір-біріне жақын, түрлі түркі халықтарының өкілдері үшін өзара түсінікті болғанын қалаймыз», - деді Түркі академиясының президенті Шаин Мұстафаев.

photo

Ол бірнеше ғасырлар бойы түркі халықтары араб әліпбиін қолданғанын мысалға келтірді. Оның паймынша, бұл барлығы үшін түсінікті болды. Осылайша, зиялы қауым өкілдері әліпбидің ортақ ұқсастығы арқасында түрлі түркі мемлекеттерінде жарық көрген кітаптарды, еңбектерді еркін оқи алды.

«Бүгінде алфавиттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін болса, онда біздің халықтарымыз өзгенің әдебиетін, баспасөз хабарламаларын, жалпы жазба мәдениетін түсінуі өте қиын болады. Егер бұл әліпбилер ұқсас болса, онда байланыс жақындап, арақатынас еркін болмақ. Бұл біздің халықтарымыздың мәдени жақындасуына және бүкіл түркі әлемінің мәдени интеграциясына мүмкіндік береді», - деп мәлім етті Шаин Мұстафаев.

photo

Ол түркі халықтарының әліпбиін латынға көшіру мәселесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көтерілгенін еске салды. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық съезде түркі халықтарының латын әліпбиіне көшуі туралы шешім қабылданды. 1939-1940 жылдарға дейін бұрынғы Кеңес Одағының барлық мұсылман халықтары латын әліпбиін қолданды. Алайда, кейін ол ерікті шешіммен кириллицаға ауыстырылды.

photo
Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды