Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары үздік нәтиже көрсетті

29.05.2023, 18:42
622
Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары үздік нәтиже көрсетті Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Алтын - Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан.

Екі оқушы құрмет грамотасымен марапатталды. Олар - Павлодардағы дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Даир Нұртаев және алматылық №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Марғұлан Нұрсағатов.

Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр.

Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен халықаралық олимпиадада бақ сынайды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды