Шетелдіктерді қорқытып ақша алатын таксишілер де бар

30.05.2023, 12:46
598
Шетелдіктерді қорқытып ақша алатын таксишілер де бар smartnews.kz

Жыл басынан бері 243 жабайы жеке таксиші жауапқа тартылған.

Қазіргі күнде такси қызметінің сервисі жаман емес. Үйден шықпай-ақ электронды түрде тапсырысты бергеннен кейін бес минутта есігіңіздің алдына келіп тұрады. Бұл өте ыңғайлы. Дегенмен такси қызметін көрсетіп жүрген азаматтардың ішінде пайдакүнемдері де кездесіп жатады емес пе? Әсіресе шет елден келгендерді арзымайтын қашықтыққа жеткізіп салғаны үшін әкесінің құнындай мол қаражат алып қалатындар осы күні көбейді. Шетелдіктер баға білмейді, қала да білмейді, тіл де білмейді. Такси жүргізушісінің аузынан шыққан соманы беріп кетеді. Бермесіне қоймай ақшасын тартып алтындар да бар екен. Соңынан біліп полицияға шағымданған шет ел адамдары болса, олар мінген таксилердің жүргізушілері ұсталып та жатыр. Әдетте мұндай әрекетке ешбір компанияға тіркелмеген жабайы жеке таксишілер баратын көрінеді.

Алматыда шет елден келген адамның 800 долларын алып қойған такси жүргізушісі ұсталды. Ол Үндістаннан келген адамды әуежайдан қонақүйге жеткізгені үшін 800 доллар сұраған, егер бермесеңіз сөмкелеріңізді алып қаламын деп қоқан-лоққы жасапты. Такси жүргізушісі ұсталып, сотталды. Сот оны бес тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Бопсалап алған ақшасын сот иесіне қайтартқан болар. Сотта такси жүргізушісі кінәсін мойындаған.

Осы сияқты жағдай жиі орын алуда. Арыға бармай-ақ, сәуір-мамыр айларын лып қарасақ, такси жүргізушілерінің шет ел азаматтарының ақшасын артығымен алуының бірнеше оқиғасы болған.  Сәуірде тағы бір үндістандықпен Алматының жергілікті таксишісі әуежайда саудаласып, арзымайтын жерге жеткізетін қызметіне 40 мың теңге сұрапты. Он есе артық ақша сұраған. Шет елдің адамы ақшасы аз болса керек, қиналып, ол таксиге мінбепті. Дала суық болған дейді, ыстық жерден келген мейман тоңа бастайды. Содан такси жүргізушісімен қайта саудаласып, 15 мың теңгеге көніпті. Былайғы кезде сол аралыққа жеткізудің құны ары кетсе екі-үш мың теңгеден аспайды деп жатыр.  Не керек, таксишінің мұнысы әшкере болып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Осының алдында Алматының тағы бір таксишісі Германиядан келген адамды әуежайдан қонақүйге жеткізгеніне 45 мың теңге алып ұсталып еді. Франкфурттан келген неміс белгісіз таксишіге шара қолдануды сұрап  полицияға шағымданған. Ұсталған таксиші 45 жастағы тұрғын болып шықты. Немісті жаңылдырып, ақшасын көбірек алып қалған азамат әкімшілік жауапқа тартылды және алғанын қайтарды.

Мамыр айының басында Алматыда такси жүргізуші тағы бір Германия азаматын алдап соғып, 400 евросын алып қалған. Шағым бойынша таксиші ұсталып, жауапқа тарылды. Таксиді жалдаған шет ел адамы тойға келген екен. Ол хостелден орын алу және такси шақыру үшін wi-fi желісіне қосылмақ болғанымен онысынан түк шықпаған. Сөйтіп тұрғанда сол маңдағы жеке таксишілер жағалап, айналдырады. Орталыққа дейін 1500 мың теңгеге жеткіземін дейді. Сырттан келген адамда теңге қайдан болсын. Евроны жолда бір жерден ауыстыратын болып таксиге мінеді. Бірақ валюта айырбастау орындары жабық мезгіл болып, ақшасын ауыстыра алмайды. Жолда хостелдің аты есіне түсіп, сонда жетеді. Түсер кезде таксиші қонақтан 315 евро талап етеді. «Мынауың өтірік қой. Таксиге мұндай ақшаны Германияда да сұрамайды. Ең болмағанда 200 евро берейін» дейді ол. Бірақ таксиші көнбейді. Германиядан келген адамның рюкзагы багажда болыпты. Ондағы қымбат бұйымына алаңдап, ойындағысын беріп кете алмайды. Содан тағы бір ақша айырбастау орнына барып, жабық болған соң кері қайтады. Не керек, таксиші германиялықтан 400 евро ақша алып кетеді.

Мұндай жағдай Алматыда өткен жылы да талай қайталанған деп жатыр. Жазда келген бір италиялық әйелден таксиші 45 мың теңге алған. Басқа жағдайларда әуежайдан орталыққа шет ел адамынан 33 мың, 23 мың, 45 мың теңге алған оқиғалары әшкереленген. Тіпті бір таксиші шет елдің адамынан 1500 мың теңгенің орынан 15 мың теңге алып, қолына жалған түбіртек беріп кетіпті.

Мұндай жағдай Астана қаласында да кезігіп тұрады. Бірер жыл бұрын шет ел адамын әуежайдан қалаға жеткізгені үшін 40 мың теңгесін қағып алған такси жүргізушісі ақшаны қайтаруға мәжбүр болған. Венгриядан келген азамат қонақүйге келген кезде ресепшннен такси құны қанша тұратынын сұраған. Сол жерде ол таксиге көп ақша беріп қойғанын түсінген. Осыдан кейін полицияға шағымданған. 33 жастағы жеке таксиші жауапқа тартылды.

Биылғы жылдың басынан бері осындай әрекеттерді жасағаны үшін 243 жабайы жеке таксиші жауапқа тартылған. Әрине, таксишілердің бұлай жасауы еліміздің абыройына нұқсан келтіреді. Қазақстанға келіп, әуежайдан түскен бойда алаяқ таксишілерге кезігіп жатқан шет ел адамдары қандай оймен кері оралар екен.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады