Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымы 2,5 млрд еуроға жуықтады

30.05.2023, 15:36
704
Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымы 2,5 млрд еуроға жуықтады smartnews.kz

Елордада Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің 7-отырысы өтті. Кеңесте екі ел арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі шара Қазақстан мен Испания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, кеңейте түсуге септігін тигізеді.

«Бүгінгі отырысқа Қазақстаннан 150-ге жуық адам және Испаниядан 35-ке жуық компания қатысып отыр. Мұндай шаралар Қазақстан мен Испания кәсіпкерлерінің өзара терең қарым-қатынас орнатуы үшін қажет. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы өзара сауда айналымы шамамен 2,5 млрд еуроны құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 42% жоғары. Испаниямен сауда және инвестициялық қарым-қатынасты үнемі арттырып келеміз. Бүгінгі кеңес аясында бірқатар келіссөздер жүргіземіз. Оның ішінде су тазарту құрылысы, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару, машина жасау саласындағы кооперацияны дамыту бойынша келісімге келмекпіз», - деді Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, испан компаниялары біздің негізгі технологиялық серіктесіміз.

«Еуропалық одақ экономикалық өзара іс-қимыл тұрғысынан Қазақстанның ең ірі серіктестерінің бірі. Ал Испания — осы ынтымақтастық шеңберіндегі ең маңызды серіктес ел. Испаниямен стратегиялық кооперация бойынша екінші келісімге қол қойылды. Осы елмен екіжақты бизнес қарым-қатынасты жалғастыруға негіз бар деп санаймыз. Испан компаниялары біздің негізгі технологиялық серіктестеріміз, ең алдымен құрал-жабдық жеткізу бойынша», - дейді ол.

Жиынның панельдік сессиясында ҚР-Испания іскерлік өкілдері қаржы құралдары мен өзара бизнес мүмкіндіктерін талқылады.

«Бүгінгі кездесу ҚР мен Испания арасындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға және экономикалық байланыстарды жақсартуға қызмет ететініне сенімдімін. Біз пандемияға дейінгі нәтижелерге қол жеткіздік. Үкімет экономикалық байланысты нығайтуға көмектесуде. Экологиялық аспектілер, көлік, гендерлік теңдікті одан әрі дамыту бойынша да қол ұшын созуда. Климаттың өзгеруімен күресіп, жағдайы төмен адамдарға қатысты тең құқықты дамытудамыз. Екіжақты ынтымақтастық арқылы жоғары салық түсімдеріне қол жеткіземіз. 2023 жылы өсім 5% құрады және бұл өте жоғары экономикалық көрсеткіш. Испандық компаниялар жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, оның дәлелі бүгінгі кездесу», - дейді Испания тарапынан ҚР-Испания үкіметаралық комиссиясының төрағасы Шиана Мендес.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды