Былтыр елордада 4 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасқан

30.05.2023, 15:58
653
Былтыр елордада 4 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасқан smartnews.kz

Елордада жас отбасыларды қолдау және ажырасудың алдын алу бойынша бірнеше бағыттан тұратын кешенді іс-шара іске асырылып жатыр. Толығырақ Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада 10 669 жұп некесін қиған, ал ажырасқан жұптар саны - 4 289. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, мәдениет, ұлттық дәстүр мен моральдық құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту мақсатында біздің басқарма «Отбасы - бақыт мекені» атты ауқымды іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр», - деді Қайрат Қамбаров Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2022 жылы отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында 7 бағытта кешенді шара қолға алынған.

«Жас отбасыларға арнап қарым-қатынастағы проблемалар мен дағдарыстар, оны шешу жолдары, дұрыс тәрбие, психологиялық травмадан қалай аулақ болу жолдары, табысты тұлғаны қалай тәрбиелеу керек, ажырасу және оның әлеуметтік-психологиялық салдары тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде семинар-тренингтердің белсенді қатысушыларына отбасылық кешкі ас, фотосессия және аспаздық шеберлік сабақтарына сертификат табысталды», - дейді ол.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, семинарға 30 жуық ерлі-зайыпты қатысқан.

Семинарда арт-терапевтер, психологтар, қаржыгерлер және педагог-психологтар спикер болған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды