Қарағанды ІТ хабының түлектері Кремний алқабында білім алып жатыр

30.05.2023, 17:49
670
Қарағанды ІТ хабының түлектері Кремний алқабында білім алып жатыр shutterstock.com

Он бес әлеуетті қазақстандық стартапшы АҚШ-қа оқуға кетті. Олардың ішінде «Террикон алқабы» Қарағанды IT хабының төрт түлегі бар, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Стартаптар «Кремний алқабында» қарқынды акселерация бағдарламасынан өтеді. Бұл оларға өз жобаларын халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

«Smartestprep және Alaqan жобаларының командалары Scalerator-дан өтті, онда «Террикон алқабы» оператор болды және тікелей қатысты. Ал, Space Lab және Мed365 жобалары – біздің акселератордың финалистері. Қатысушылардың әрқайсысы берілген мүмкіндікке лайық. Біз жігіттерді мақтан тұтамыз, оларға осы істерінде сәттілік тілейміз және олардың үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз», - делінген «Террикон алқабы» Instagram парақшасында.

Alaqan жобасы – алақанның тамырларын тануға арналған биометриялық жүйе.

Smartestprep – колледжде кеңес беру мен емтиханға дайындалуға арналған жеке платформа, ол түлектерге бағыты мен қалауларына негізделген университеттер мен бағдарламаларды ұсынады.

Med365 медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі медициналық тексеруді автоматтандыруға және цифрландыруға бағытталған, бұл оның сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Aл, NEO (Space lab) 3D технологиясын қолдана отырып, шет тілдерін оқытудың анимациялық форматын ұсынады.

АҚШ-та оқыту Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасы, сондай-ақ Astana Hub-тың Draper University-мен ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды